Сәбит Мейрамұлы Ахметов ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Сәбит Ахметов 1979 жылы 22 қаңтарда дүниеге келді. 2000 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітіріп, "заңгер" мамандығын алды.

2021 жылы «International Master in Public Procurement Management» бағдарламасы бойынша Тор Вергата Рим университетінің магистратурасын аяқтады.

С. Ахметов әр жылдары ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаменті басқармасының басшысы, заң қызметі департаментінің директоры, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің квазимемлекеттік сектор және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің және ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Ішкі әкімшілік департаментінің басшысы, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

ӘМСҚ ұжымына жаңа басшыны ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев таныстырды. Ол қазіргі уақытта Қор басшысының алдында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеті тұрғанын атап өтті.

09.03.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
НА 11,7% СОКРАТИЛОСЬ КОЛИЧЕСТВО ЖАЛОБ ПАЦИЕНТОВ
ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ШАҒЫМДАРЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халық тарапынан МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы баяндалды.
18.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу